$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Астанаға Қытай қорғаныс министрі келді

Редакция
25 сәуір 2024, 15:13
Астанаға Қытай қорғаныс министрі келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады.

Президент пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас.

– Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалаймыз әрі қолдаймыз. Бұл бастамалар әлемдегі қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын, – деді Тоқаев.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дун Цзюнь бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылаған.

Соңғы жаңалықтар