$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Астанаға көшкісі келетіндерге жаңа талаптар қойылмақ

Абдрахманов Мағжан
10 қыркүйек 2025 16:58 764
Астанаға көшкісі келетіндерге жаңа талаптар қойылмақ Сурет авторы: Ақорда

Ішкі істер министрлігі елордада халықты тіркеу тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің жаңа нормативтік-құқықтық акт жобасында айтылған.

Құжатқа сәйкес, енді Астанада тұрақты немесе уақытша тіркеуге тұрғысы келетіндер үшін арнайы нормативтер енгізіледі. Ол нормативтерді қалалық мәслихат бекітеді. Яғни, елордаға келген адамды тіркеу тек сол ережелерге сай жүргізілмек.

Бұл өзгеріс 2024 жылғы 9 қыркүйекте қабылданған министрдің бұйрығына түзету ретінде ұсынылып отыр.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елдегі көші-қон үдерістерін қатаң бақылау қажеттігін айтқан болатын. Мемлекет басшысы әкімдердің тиімсіз жобаларының кесірінен елордаға ағылып жатқан халық көбейгенін айтып, аймақтардан Астанаға жаппай көшу себептерін талдауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар