$ 469.49 € 552.59 ₽ 6.24

Астанадан күндіз ұшу мүмкін болмайды: Әуежай жұмыс кестесін өзгертті

Абдрахманов Мағжан
15 сәуір 2026, 12:02
Астанадан күндіз ұшу мүмкін болмайды: Әуежай жұмыс кестесін өзгертті Сурет авторы: Airastana.com

Астана әуежайы 15 сәуірден бастап күндізгі уақытта ұшақтарды қабылдау және жөнелтуді тоқтатады. Бұл ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлады әуежай әкімшілігі.

Жөндеу жұмыстары 31 мамырға дейін жалғасады. Осы кезеңде күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін рейстер қабылданбайды және ұшырылмайды. Осы уақытқа жоспарланған рейстер таңғы немесе кешкі уақытқа ауыстырылған.

Әуежай терминалы, кассалар және қызмет көрсету аймақтары тәулік бойы қалыпты режимде жұмыс істейді. Шектеулер тек ұшақтардың ұшып-қонуына қатысты.

Жолаушыларға рейс мәртебесін әуе компаниялардың ресми сайттарынан алдын ала тексеру ұсынылады. Сондай-ақ ішкі рейстерге кемінде 2 сағат бұрын, ал халықаралық рейстерге 3 сағат бұрын келу қажет.

Соңғы жаңалықтар