$ 470.17 € 547.47 ₽ 6.42

Астанадағы үш баланың қазасы: өрт кезінде жолды жапқан жүргізуші тек айыппұлмен құтылып кетті

Абдрахманов Мағжан
13 сәуір 2026, 17:57
Астанадағы үш баланың қазасы: өрт кезінде жолды жапқан жүргізуші тек айыппұлмен құтылып кетті Сурет авторы: Астана ТЖД

Астанада өрт кезінде аулаға кіреберісті жауып тастаған көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Бұл оқиға 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі көпқабатты үйде болған өртпен байланысты.

Өрт шыққан пәтер 15-қабатта орналасқан. Оқиға орнында құтқарушылар үш баланың мәйітін тапқан. Төтенше жағдайлар қызметі бір әйелді құтқарып, жедел жәрдемге тапсырған. Ол қалалық көпсалалы №1 аурухананың жансақтау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйде дабыл беру жүйесі жұмыс істеп, лифтілер бірінші қабатқа түскен. Алайда өртті сөндіру жұмыстары аулаға кіреберістің жабық болуы және ретсіз қойылған көліктер салдарынан қиындаған.

Полиция мәліметінше, ереже бұзып қойылған көлік оқиға орнынан дереу алынып, жүргізуші анықталған. Оған қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ведомство төтенше қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін құқық бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар