$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Астанадағы Триатлон саябағында өрт шықты

Редакция
17 маусым 2026, 10:25
Астанадағы Триатлон саябағында өрт шықты Сурет авторы: Пикабу

17 маусым күні таңертең Астанадағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты, деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Тілсіз жау саябақ аумағындағы алаңдардың бірін шарпыған. Өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін алты минут ішінде оқиға орнына жетіп, 25 шаршы метр аумақты қамтыған жалынды толықтай ауыздықтады. Куәгерлердің айтуынша, мамандар келгенге дейін өртті сөндіруге сол маңда жүрген азаматтар көмектескен.

 

Соңғы жаңалықтар