$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Астанадағы ақылы автотұрақтар: жүргізушілерге төлемдер қайтарыла ма?

Редакция
27 ақпан 2025 02:39 1729
Астанадағы ақылы автотұрақтар: жүргізушілерге төлемдер қайтарыла ма? Сурет авторы: "Парковочное пространство Астаны" ЖШС

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елордадағы ақылы автотұрақ жүйесін жаңғырту жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл ретте тұрақтардың одан әрі 100% мемлекеттік кәсіпорын арқылы жұмыс істеуі қарастырылып отыр, деп хабарлады inbusiness.

Қазіргі уақытта әкімдік "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-пен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) келісімін бұзу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл шешім бірнеше себепке байланысты қабылданған:

  • қаланың көлік жүйесін жаңарту қажеттілігі;
  • тұрақтарды басқару тиімділігін арттыру;
  • қала тұрғындарынан ақылы тұрақ сапасына қатысты көптеп түскен шағымдар.

Тұрақтар қалай жұмыс істейді?

Әкімдік ақылы автотұрақтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Қазіргі таңда қала бойынша 500-ден астам учаскеде 10 мың тұрақ орны бар. Тұрақтарды толықтай коммуналдық меншікке беру процесі аяқталғанға дейін "Парковочное пространство Астаны" ЖШС барлық қызметтерін бұрынғы режимде көрсетеді.

Төлемдер қайтарыла ма?

Төлемдерді қайтару қарастырылмаған, себебі келісімшартты бұзу бастамасы әкімдік тарапынан көтерілді. 

Әкімдік автотұрақ мәселесін шешу үшін кешенді бағалау жүргізіліп жатқанын және қала тұрғындарының жайлылығы үшін тиімді шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар