Астанада жол жұмысшыларына арналған заманауи демалыс бөлмелері ашылды
«Астана Тазалық» ЖШС бір жыл ішінде жол жұмысшылары үшін арнайы тұрмыстық және демалыс бөлмелерін күрделі жөндеуден өткізіп, пайдалануға берді. Жоба әкімдіктің қолдауымен іске асырылды.
Жаңартылған он бөлме «Есіл» және «Нұра» аудандарында орналасқан және 200-ден астам жол жұмысшысының күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге арналған. Сонымен қатар, «Шығыс» және «Батыс» тұрғын үй кешендерінің төменгі қабаттарынан қосымша орындар алынып, толық қайта жабдықталған.
Бүгін осы жаңа демалыс бөлмелерінің тұсаукесері өтіп, жол жұмысшылары күнделікті қажырлы еңбектің арасында дем алып, тынығатын өз кеңістігіне ие болды. Қызметкерлерге арналған бұл орындар жанға жайлы интерьерімен, заманауи техникасымен және санитарлық талаптарға сай жабдықтарымен көз тартады. Мұнда шай қайнатып, тамақтанып, киімін түзеп, келесі ауысымға тың күйде шығуға мүмкіндік қарастырылған.
Жөндеу жұмыстарының ауқымы кең болды: санитарлық-гигиеналық тораптар қайта жасақталды, демалыс пен тамақтануға арналған орындар жаңартылды, жұмысшылардың қысқа үзілісте қалпына келуіне қолайлы шағын тынығу бұрыштары ұйымдастырылды. Бір сөзбен айтқанда, бұл бөлмелерде адам еңбегіне деген құрмет пен қамқорлықтың лебі сезіледі.
Алғашқылардың бірі болып бөлмені аралап шыққан жол жұмысшысы Мадат Тұяқбаев жаңа кеңістіктің маңызын былай деп жеткізді:
– Бұл бөлмелердің жасалғаны біз үшін жақсы болды. Бұрын мұндай мүмкіндік болмады. Қазір жылы жерде отырып тынығып, шай ішіп алуға жағдай бар. Қарапайым нәрсе болса да, жұмысқа үлкен көмек береді, – деді ол.
Жоба қала тазалығын қамтамасыз ететін қызметкерлерге деген құрметті күшейтіп қана қоймай, коммуналдық саланың жалпы еңбек мәдениетін жаңғыртуды көздейді.
– Біздің мақсатымыз – тек қаланың тазалығын қамтамасыз ету емес, сонымен бірге сол жұмысты атқарып жүрген әр қызметкердің жағдайын жақсарту. Бұл демалыс бөлмелері – жұмысшылардың денсаулығына, еңбек өнімділігіне және жалпы әлеуметтік қолдауына бағытталған маңызды қадам. Қызметкерлеріміздің еңбегін бағалап, лайықты жағдай жасау – біздің азаматтық әрі кәсіби міндетіміз, – деді «Астана Тазалық» ЖШС бас директоры Замир Сагинов.
«Астана Тазалық» алдағы уақытта да еңбек адамын қолдауға бағытталған бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Өйткені, қала тазалығы - ең алдымен, осы мамандардың табанды еңбегінен басталады.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын