$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Астанада Жаңа жылдық отшашу қайда өтеді?

Редакция
30 желтоқсан 2024 07:48 1188
Астанада Жаңа жылдық отшашу қайда өтеді? Сурет авторы: inform.kz

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу ұйымдастырылып, бірнеше алаңда концерттік бағдарламалар өтеді, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.

«31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де Астанада демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық отшашу болады», — делінген хабарламада.

Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақта және «Атырау» көпірінің жанында. Әр алаңда шамамен 2,5 мың рет салют атылады.

Сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қаланың орталық алаңында, «Қазақ елі» монументі жанында және ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер өтеді.

31 желтоқсан күні күндізгі уақытта мерекелік бағдарламалар Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайында, Орталық саябақта, Ататүрік саябағында, «Өнеркәсіп» тұрғын алабында және «Көктал» саябағында өтеді.

Соңғы жаңалықтар