$ 464.86 € 544.03 ₽ 6.14

Таза қала – ортақ жауапкершілік: “Астана тазалық” мекемесі түрлі сала мамандарымен ауқымды акция өткізді

Редакция
25 сәуір 2026, 14:00
Таза қала – ортақ жауапкершілік: “Астана тазалық” мекемесі түрлі сала мамандарымен ауқымды акция өткізді

Астанада ағаш отырғызуға арналған экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шара «Астана Тазалық» ЖШС-нің бастамасымен, қалалық кәсіптік-техникалық колледж және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қолдауымен өтті. Акция «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Экологиялық бастамаға коммуналдық қызметкерлер, медицина саласының мамандары, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қатысушылар елорданы көгалдандыруға үлес қосып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын көрсетті.

Іс-шара барысында үш ұйым арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат экологиялық жауапкершілікті арттыру және табиғатты қорғау құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығы халық денсаулығына тікелей әсер ететіні атап өтілді.

Білім беру саласының өкілдері мұндай шаралардың жастардың экологиялық санасын қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтті.

Акция аясында 100-ден астам ағаш көшеті отырғызылып, қаланың жасыл қоры толықтырылды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы ел көлемінде жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар