$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Абдрахманов Мағжан
06 қазан 2026, 09:30
Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті (ВИДЕО) Сурет авторы: видеодан кадр

Астанада тұрғын үй кешенінің жанындағы тұрақта бес автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өрт 6 қазанда Сарайшық ауданындағы Байтұрсынұлы көшесінде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бес көлік ашық жалынмен жанып жатқан.

Министрлік мәліметінше, қатты желдің салдарынан өрт тұрақта тұрған көліктерге жылдам тараған. Өрт сөндірушілер жалынды толық сөндірді.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар