$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Астанада түнде қатынайтын қоғамдық автобустар іске қосылады

Редакция
04 маусым 2024 13:17 2106
Астанада түнде қатынайтын қоғамдық автобустар іске қосылады

Астанада жолаушылар тасымалымен айналысатын «City Transportation systems» ЖШС жаздың басталуына орай қалада автобустар түнгі уақытта да қатынайтынын хабарлады.

Жаз мезгілінде елордада қатынау оңай әрі қолжетімді болу үшін компания түнгі автобус бағдарларын іске қосады. 

Осы мақсатта № 201, 202, 203 автобустар сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтып, негізгі көлік хабтарын байланыстырады.

Бағдарлардың қозғалыс сызбасы, жүру кестесі туралы толық ақпарат таяу уақытта жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар