$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Астанада табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған 170 ата-ана анықталды

Редакция
24 шілде 2024 06:51 2770
Астанада табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған 170 ата-ана анықталды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Борышкерлер жұмыстың жоқтығын сылтауратып, алимент төлеуден жалтарады. Шынында да, олардың көпшілігі ресми түрде жұмыссыз және жұмысқа орналасу үшін шара қолданбайды.

Іс жүзінде, қазіргі заманғы табыс көздері, такси және жеткізу қызметтері (Яндекс, Wolt, Glovo, Indriver) борышкерлерге еңбек шарттарын жасамастан кіріс алуға мүмкіндік береді.   

Әлеуметтік желілер де (Facebook, Instagram, Twitter, TikTok және YouTube) жақсы табыс әкелуі мүмкін. Мысалы, оқырмандары көп аккаунт иелері жарнамадан ақша табады.

Борышкерлер алимент төлеуден жалтару мақсатында осындай табыстарын жасырып, ақшаны электрондық әмияндарда сақтайды.

Балалардың мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура органдары өз өкілеттіктері шегінде осындай жасырын табыстарды анықтау және борышкерлерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау үстінде.

Астана прокуратурасы электрондық әмияндарда 350 млн теңгеден астам сомаға өз ақшаларын жасырған 170 қаскөй борышкерді анықтады.

Алимент төлеуден жалтару фактілері бойынша (ҚҚ-нің 139-бабы бойынша) 30 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 45 млн теңге берешек өтелді.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 253 мың ата-ананың 367 мың бала алдындағы борышы 19 млрд теңгеге жеткен.

Алимент төлеуден жалтарған 1,7 мың борышкер қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Соңғы жаңалықтар