$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Астанада полицейді суға секіруге мәжбүрлеп, пранк ұйымдастырған блогерлер қамалды (ВИДЕО)

Редакция
22 мамыр 2026, 16:38
Астанада полицейді суға секіруге мәжбүрлеп, пранк ұйымдастырған блогерлер қамалды (ВИДЕО) Сурет авторы: instagram.com/serikuly__appaz/

Астанада дөнерді жарнамалау үшін полицейге пранк ұйымдастырған блогерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.

Әлеуметтік желіде блогер Аппаз Серікұлы жариялаған видеода бірнеше адамның полицейден суға батып бара жатқан адамды құтқаруды сұрағаны көрсетілген. Оқиға Есіл өзеніндегі ескек есу каналы аумағында болған.

Кадрларда тәртіп сақшысы суға түсіп, «зардап шегушіні» жағаға алып шыққаны көрінеді. Кейін бұл жағдайдың алдын ала ұйымдастырылған пранк екені анықталған. Видео авторлары судағы адамның кәсіби жүзуші болғанын айтып, полицейге сыйлық ретінде дәмхана сертификатын бермек болған.

Полицияның мәліметінше, бұл факт әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Оқиғаны ұйымдастырғандар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Сот шешімімен олардың бірі 15 тәулікке, екіншісі 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Соңғы жаңалықтар