Астанада Наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтеді. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға және т.б. қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
14 наурыз – Көрісу күніне орай, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Сол бір кез» ретро концертін, «Жастар» сарайында «Наурыз Jaz Zhiger» Жігер ансамблінің концерттік бағдарламасын, Астана Опера театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында «Тал бесіктен – жер бесікке» концертін өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Музыкалық жас көрермен театрында, «Жастар» театрында, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында қойылымдар өткізіледі.
15 наурыз күні елордада қайырымдылық күнін өткізу жоспарланып отыр. Мәселен, Алматы ауданында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ, мерекелік сусын – Наурыз көже үлестірілмек. Сол сияқты «Жанашыр» қарттар үйінде, №2 көпшілік кітапханада, Қуыршақ театрында, «Жастар» театрында Нұра ауданында түрлі іс-шаралар жоспарланып отыр.
Бұл күні сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Наурыз айы туғанда» концерті өтеді.
Сонымен қатар, 1000-ға жуық мұқтаж адамға азық-түлік себеті тапсырылады. Сол сияқты «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы волонтерлері тарапынан тұрғындарға бауырсақ пен шоколад таратылатын болады.
16 наурыз мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналып отыр. Осы күні музыкалық мектептерде, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ұлттық танымдық іс-шаралар өтеді.
Ал Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда сағат 17:00-де «Жетісу әуендері» концерті, Қуыршақ театрында 12:00-де және 16:30-да «Ер Төстік» қойылымы, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» драмасы ұйымдастырылып отыр.
Осы күні қаланың жұрт көп жиналатын орындарында Наурыз мейрамына арналған түрлі мерекелік іс-шаралар, флешмобтар өтеді.
17 наурызда елордада Шаңырақ күні, яғни отбасылық құндылықтардың рөлі насихатталады. Осы күні сағат 17:00-де «Бәйтерек» монументі алдында ұлттық киім киген жастардың некелерін қию салтанаты өткізіліп, көпшілікке сыйлы ақсақалдар мен көпбалалы аналар бата береді. Сол сияқты сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Ғашық-Жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында театр қабырғасында отау құрған 14 жұппен кездесу ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, «Жастар» театрында сағат 19:00-де Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» қойылымы, Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары-2» драмасы өткізіледі.
Ал перинаталдық орталық пен ауруханаларда жаңа туған сәбилердің ата-аналарын құттықтау іс-шаралары өтеді.
18 наурыз күні елордада ұлттық киім күні атап өтіледі. «Sana» қосымша білім беру орталығында ұлттық киімдердің көрмесі, оқушыларға арналған ұлттық киімдердің тарихы мен идеологиясы туралы насихат сағаттары ұйымдастырылады. Сол сияқты «Атамекен» Қазақстан картасы Мемлекеттік бас туының алдында Мәдениет қайраткерлерінің, танымал өнер жұлдыздарының, театр әртістерінің қатысуымен «Ұлттық киім күні» тақырыбына арналған челленджі өтеді.
19 наурыз – Жаңару күні. Бұл күні сағат 19:00-де Бейбітшілік пен келісім сарайында ұлттық құндылықтарды дамытуға және танымал етуге елеулі үлес қосқан еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін марапаттауға арналған «Наурыз Ұлттық сыйлығы» өтеді. Сол сияқты Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Қанат Жүністің «Алаш жолы» драмасы қойылады.
20 наурыз – ұлттық спорт күні. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлерінің арасында тоғыз құмалақтан турнир өткізілсе, Арғымақ кешенінде сағат 10:00-15:00 аралығында Ұлттық спорт түрлерінен (аударыспақ, тенге ілу, қыз қуу, көкпар, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ) жарыс ұйымдастырылады.
21 наурыз – ынтымақ күні. Қалалық алаңда, ЭКСПО аумағында, «Қазақ елі» монументінің алаңында, «Бәйтерек» монументі алаңында, Орталық парк және қаланың шеткі аумақтарында Наурыз – береке бастауы іс-шаралары ұйымдастырылса, Халықаралық көрме орталығында көшпелі өркениет фестивалі және Ататүрік саябағында «Қош келдің, Әз-Наурыз» театрландырылған қойылым, қаланың орталық алаңында «Рухты тіл, қазыналы дәстүр» бесік жыры байқауы өтеді.
Сондай-ақ, Қуыршақ театрында, Музыкалық жас көрермен театрында, Жастар сарайында түрлі қойылымдар қойылады.
22 наурыз – жыл басы. Бұл күні «Наурыз – береке бастауы» іс-шаралары, халықаралық көрме орталығындағы көшпелі өркениеттер фестивалі өтеді.
Сонымен қатар, Жазушылар аллеясы, Есіл өзенінің бойындағы саябақ, «Көктал» саябағы, «Қорғалжын» саябағы секілді өзге де орындарда Наурыз мерекесіне арналған түрлі іс-шаралар өтеді.
23 наурыз – тазару күні. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасы жұртшылыққа жол тартады. Сонымен қатар, «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандыраныда қала тұрғындарының қатысуымен тазалық акциясы өткізілетін болады.
Астанада 23 наурыз күні «Жер Сағаты» сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өткізіледі халықаралық экологиялық акциясы өткізіледі. «Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайынғы халықаралық өткізілетін оқиға, оған бүкіл әлемнен 2 млрд-тан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
23 наурызда «Тазалық эстафетасы» аясында елордада «Тазару» жалпы қалалық экологиялық акциясы өткізіледі. Акция аясында аулаларды қар мен қоқыстан тазарту жоспарланып отыр.
Нұра ауданының бастамасымен елордада «Армандар шаңырағы» әлеуметтік акциясы басталды. Оның аясында елордалық меценаттар мен кәсіпкерлер Нұра ауданының 70 баласының арманын орындайды. Олар балаларға 21 наурызға дейін сыйлықтар табыстайды.
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
12 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын