$ 472.31 € 543.72 ₽ 5.86

Астанада мұғалім оқушыны ұрған: педагог жұмыстан шығарылды

Абдрахманов Мағжан
02 сәуір 2026, 17:51
Астанада мұғалім оқушыны ұрған: педагог жұмыстан шығарылды Сурет авторы: depositphotos

Астанада мектеп мұғалімі оқушыға күш қолданған. Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы растады.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қызметтік тексеріс барысында анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша мұғалім Еңбек кодексінің тиісті бабы негізінде жұмыстан шығарылған. Атап айтқанда, тәрбиелік функция атқаратын қызметкердің қызметін жалғастыруға сәйкес келмейтін әдепсіз әрекет жасағаны үшін қызметінен босатылған.

Сонымен қатар мектеп басшылығына да тәртіптік шаралар қолданылған. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына жеке жауапкершілік жүктеліп, ресми түрде тәртіптік жаза берілген.

Білім басқармасы бұл жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар