$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Редакция
18 сәуір 2025 07:42 3526
Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады Сурет авторы: Астана әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 19–25 сәуір аралығында Мәңгілік Ел даңғылының Сарайшық көшесімен қиылысатын жолайрықтан бастап Фариза Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады.

Бұл аралықта жолдың үстіңгі қабатын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты аталған кезеңде жол учаскесі жартылай жабылады. Қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады», – делінген басқарма хабарламасында.

2025 жылы елордада жалпы ұзындығы 72 шақырым болатын 60-тан астам көше жөнделмек. Олардың қатарында:

  • А. Кенжиннен Д. Бабатайұлына дейінгі Жаңақоныс көшесі

  • Оқжетпестен М. Дулатовқа дейінгі Карталы көшесі

  • 191 көшесінен айналма жолға дейінгі Алаш шоссесі

  • Қорғалжың тас жолы (тротуар төсеу жұмыстары)

  • Б. Момышұлы даңғылынан Манас көшесіне дейінгі Абылайхан даңғылы

  • Б. Момышұлынан Қошқарбаев даңғылына дейінгі Жұмабаев көшесі

  • С. Сейфуллин көшесі (Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін) және тағы басқалары бар.

Соңғы жаңалықтар