$ 479.26 € 546.21 ₽ 6.13

Астанада LRT желісінде электр кабелі өртенді

Абдрахманов Мағжан
02 шілде 2026, 14:51
Астанада LRT желісінде электр кабелі өртенді Сурет авторы: @n_kononov_ast/ Threads

Астанада Есіл ауданындағы Сығанақ көшесі бойымен өтетін LRT желісінде электр кабельдері өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өрт шыққаннан кейін электр желісі кернеуден ажыратылып, шамамен бір метр аумақтағы кабельдің жануы арнайы өрт сөндіргіштің көмегімен сөндірілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, Астанадағы LRT желісінің алғашқы бағыты биыл мамыр айының ортасында іске қосылды. Жоба он жылдан астам уақыт бойы салынып, осы кезеңде бірнеше сыбайлас жемқорлық дауына арқау болған. Құрылыс құны бірнеше рет өсіп, кейін жоба қарыз қаражаты есебінен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар