$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Астанада LRT вагондарына граффити салып кеткен: қылмыстық іс қозғалды

Абдрахманов Мағжан
25 маусым 2025 09:42 62
Астанада LRT вагондарына граффити салып кеткен: қылмыстық іс қозғалды Сурет авторы: "Астана - Что? Где? Когда?" Telegram арнасы

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) вагондарына белгісіз біреулер граффити салып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада айтылды. Оқиға "Назарбаев әуежайы" станциясында болған.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салу фактісі тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Вагондардың сырты арнайы қорғаныш қабатымен жабылған, бұл бояудың негізгі лак-бояу қабатына сіңуіне жол бермейді», – делінген ресми хабарламада.

Компания қызметкерлері вагондарды бояудан тазартып жатыр.

Айта кетейік, маусым айының басында бірнеше LRT құрамы станцияларға орналастырылған болатын. Жүйенің сынақтық іске қосылуы 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар