$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Астана әкімі LRT қашан іске қосылатынын айтты

Редакция
23 желтоқсан 2025, 09:50
Астана әкімі  LRT қашан іске қосылатынын айтты Сурет авторы: BAQ.kz

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі алдағы наурыз айында толыққанды жұмысын бастауы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Қала әкімінің айтуынша, LRT 30 қыркүйектен бері сынақ режимінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда барлық вагонды жеткізу және станциялардың ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

«Сынақ кезеңі үш айдан алты айға дейін созылады деп жоспарлаған едік. Алдағы екі айда барлық жұмысты толық аяқтап, LRT-ні жұмыс режимінде іске қосуды көздеп отырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Қала әкімдігінің дерегінше, LRT жүйесінің іске қосылуы Есіл және Нұра аудандарындағы көлік жүктемесін азайтып, қала тұрғындарының қатынауын жеңілдетеді.

Соңғы жаңалықтар