$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Астанада ҚТҚ полигонында өрт шықты: 1200 шаршы метр аумақ отқа оранды

Редакция
29 шілде 2025 09:20 201
Астанада ҚТҚ полигонында өрт шықты: 1200 шаршы метр аумақ отқа оранды Сурет авторы: 112 KZ

29 шілде күні түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы маңында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонында өрт шықты. Қоқыс үйінділері тұтанып, өрт шамамен 1200 шаршы метр аумақты шарпыды.

Аталған өрт туралы хабарлама кешкі уақытта келіп түскен. Оқиға орнына дереу Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мен жергілікті атқарушы органдар күштері жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр, алайда зардап шеккендер жоқ.

 

Автор: Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар