$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Астанада көшелердің бірінде автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат берілді

Редакция
20 ақпан 2025 07:05 3722
Астанада көшелердің бірінде автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат берілді Сурет авторы: kolesa.kz

Астанадағы «Астана Опера» театры маңындағы Қонаев көшесінде жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта құру жұмыстарына байланысты Тұран даңғылының белгілі бір бөлігінде автобус жолағымен жүруге уақытша рұқсат берілді.

Бұл өзгеріс көлік қозғалысын жеңілдету мақсатында енгізілді. Автобустарға арналған Bus Lane жолағын Сығанақ көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі аралықта пайдалану мүмкіндігі берілді. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жол белгілері қайта орнатылып, бұл туралы ресми ақпарат көздерінде қосымша хабарланады.

Бұған дейін 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Қабанбай батыр көшесінен Тұран даңғылына дейінгі Қонаев көшесінің бір бөлігі жабылатыны белгілі болды. Жүргізушілер үшін балама бағыт ретінде Достық және Сарайшық көшелері ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар