Астанада «Конституциялық реформа және БАҚ дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
20 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және БАҚ дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында БАҚ-тың конституциялық реформаны ілгерілетудегі рөлі, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастыру мәселелері талқыланды.
“Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру – Әділетті Қазақстан құрудың негізгі алғышарты». Осы бағытта Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» арасындағы меморандум ерекше маңызға ие. Бұл – БАҚ арқылы халыққа конституциялық құқықтарды түсіндірудің жаңа кезеңін ашады. Алдымызда тұрған басты міндет – құқықтық мәдениеті жоғары, өз құқығын білетін және оны қорғай алатын қоғам қалыптастыру. Бұл міндетті жүзеге асыруда мемлекет пен азаматтық қоғам, соның ішінде БАҚ ортақ жауапкершілікті бөліседі.”-деді ҚР Парламент Сенатының депутаты, Бас редакторлар ҚБ президенті Б. Жексенбай.
«Конституциялық реформа бұл тек құқықтық жүйедегі өзгерістер ғана емес, сонымен қатар демократиялық құндылықтарды нығайту. Бұл ретте БАҚ ерекше рөлге ие, себебі олар қоғамға реформалардың мәнін түсіндіріп, оның нәтижелеріне деген сенімді қалыптастырады», деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халықаралық заңгерлер қауымдастығы» ҚБ президенті Марат Башимов.
Дөңгелек үстелге қатысқан Республикалық заң консультанттары палатасының төрағасы Серік Ақылбай да хұқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Қатысушылардың айтуынша, реформалардың мән-мағынасын кең аудиторияға жеткізуде және демократиялық процестерге деген сенімді нығайтуда БАҚ басты құрал болып табылады.
«Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, дамыған елдерде (Германия, Канада, Жапония, Скандинавия мемлекеттері) құқықтық мәдениет мектептен бастап қалыптасады. Азаматтарға қолжетімді ақпараттық ресурстар, заңгерлік консультациялар, онлайн сервистер арқылы құқықтық қолдау көрсетіледі. БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның ұсынымдарында да халықтың құқықтық білімін арттыру – тұрақты дамудың негізгі факторы ретінде белгіленге», деп атап өтті Бибігүл Жексенбай.
«Алатау ақпарат» медиа холдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы отандық журналистерге құқықтық медиа сауаттылыққа арналған оқу сабақтарының көп болуы артықшылық етпейтігіен ерекше атап өтті.
Спикерлер БАҚ қызметінің құқықтық негіздерін нығайту, олардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігі, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Азаматтық альянс» ЗТБ атқарушы директоры Нұрас Ералы; ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Әлішер Мұқажан; «Абай» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов; «Бас редакторлар клубының» вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин; «Qazcontent» АҚ төрайымы Айна Задабек, «QR news» порталының директоры Нұрбол Төлебаев; «Бас редакторлар клубының» атқарушы директоры Бибігүл Құламан; журналист, медиаменеджер Абай Сейфолла қатысты.
Сондай-ақ кездесуге өңірлердегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары онлайн форматта қатысты.
Дөңгелек үстел «Бас редакторлар клубы» ҚБ мен Қазақстан Республикасы Конституциялық соты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар құқықтық мәдениетті дамыту және демократиялық процестерде БАҚ рөлін нығайту бағытында диалогты әрі қарай жалғастыруға және журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған оқыту сабақтарын өткізуге уағдаласты.
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 минут бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
30 минут бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
46 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын