$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Астанада қоғамдық орындардағы ақылы тұрақтар тегін болады

Редакция
05 наурыз 2025 05:54 1117
Астанада қоғамдық орындардағы ақылы тұрақтар тегін болады Сурет авторы: Парковочное пространство Астаны

Астанадағы ақылы автотұрақтар мемлекет меншігіне өтеді, ал қоғамдық орындардағы тұрақтар тегін болады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ақылы автотұрақ жүйесі 2018 жылы әкімдік бастамасымен құрылған. Алайда бұл жұмысты жүргізу "Парковочное пространство Астаны" жекеменшік компаниясына берілген. Қазіргі таңда Астана әкімдігі мен компания келісімшартты бұзып, автотұрақтарды мемлекет қарамағына қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді бұл саланы тек мемлекеттік мекеме басқаратын болады.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы автотұрақтардың мемлекет меншігіне өткеннен кейін олардың ақысыз болу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды. Бұған жауап берген әкімдік өкілі әлеуметтік нысандардың жанындағы тұрақтар тегін болатынын, сондай-ақ тағы қандай жерлерде ақысыз тұрақ қарастырылатыны қосымша талқыланатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар