$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Астанада Кипр республикасының елшілігі ашылады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2735
Астанада Кипр республикасының елшілігі ашылады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Кипр Республикасының сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады. 

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады.

Президент дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.

 

Тоқаев Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді.

 

Константинос Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Кездесуде сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды. Бұған қоса халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар