$ 540.05 € 629.16 ₽ 6.65

Астанада Қазақстан – Уэльс матчы кезінде жолдар уақытша жабылады

Абдрахманов Мағжан
04 қыркүйек 2025 10:35 29
Астанада Қазақстан – Уэльс матчы кезінде жолдар уақытша жабылады Сурет авторы: KFF

Астана әкімдігінің хабарлауынша, бүгін, 4 қыркүйек күні қалада футбол матчы өткізілуіне байланысты жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Сағат 19:00-де Astana Arena стадионында Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс ұлттық құрамасымен кездеседі.

Матч басталардан бірнеше минут бұрын және ойын аяқталғанға дейін стадион маңындағы «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі тарапынан көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

«Шектеу қонақтардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын кідірістерді ескеруге кеңес береміз», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар