$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Астанада кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде мемлекеттік сатып алулардағы кедергі талқыланады

Дулат Абдраманов
17 маусым 2025 11:56 21
Астанада кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында мемлекеттік сатып алулар саласындағы республикалық деңгейдегі әкімшілік кедергі қаралды.
Астанада кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде мемлекеттік сатып алулардағы кедергі талқыланады Сурет авторы: egemen.kz

Мәселе – 2025 жылғы 29 сәуірден бері мемлекеттік сатып алу порталында кәсіпкерлік субъектілерінің реестрі жұмыс істемей тұрғаны. Бұл жағдай, әсіресе, жаңадан құрылған компанияларға қиындық туғызуда. Себебі олар бұл реестрде тіркелмегендіктен, мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмай отыр.

Салдарынан мыңдаған жаңа кәсіпкер бір жарым айдан астам уақыт бойы күн сайын мемлекеттік сатып алу арқылы бизнес жүргізу мүмкіндігінен айырылып, экономикалық тұрғыда зардап шегуде.

Кеңесте осы мәселенің шешу жолдары ұсынылып, жауапты органдардың түсініктемесі тыңдалды. 

Соңғы жаңалықтар