$ 485.4 € 550.69 ₽ 6.41

Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды

Абдрахманов Мағжан
26 маусым 2026, 11:18
Астанада Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салды Сурет авторы: ulpan.sovetbekovna/ Instagram

Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметін атқару кезінде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар Астанада соңғы сапарға шығарып салынды. Оның жаназасы елордадағы Шейх Кунта қажы мешітінде оқылды.

Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсан айында әскери бөлімде басынан ауыр жарақат алған болатын. Сол кезде әскери бөлім басшылығы оның дәретханада құлап, басын кафельге соғып алғанын мәлімдеген.

Жарақат алғаннан кейін Ербаян төрт ай бойы жансақтау бөлімінде ем қабылдап, кейін де ұзақ уақыт бойы өмірі үшін күресті. Алайда ол екі жарым жылдан кейін көз жұмды.

Марқұмның туыстары оқиғаны жазатайым жағдай деп есептемейтіндерін бірнеше рет мәлімдеген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайына қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар