$ 474.47 € 541.37 ₽ 6.08

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Абдрахманов Мағжан
01 шілде 2026, 11:31
Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады Сурет авторы: astanaairport.kz

Астанада екінші әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елорда әуежайын жаңғырту – басым міндеттердің бірі. Қазір Астана әкімдігі құрылысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Нұрлан Сауранбаев алдағы үш жыл ішінде Қазақстандағы әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланғанын айтты. Оның сөзінше, бұл жұмыстар әуе көлігі саласын дамытуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

Әзірге жаңа әуежайдың нақты қай жерде салынатыны, құрылыс құны мен аяқталу мерзімі жарияланған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңа әуежай салу ісін кейінге қалдыруға болмайтынын айтып, құрылысты қысқа мерзімде бастауды тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар