$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Астанада дәрігерлер пациенттің жүрегін ауыстырды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3547
Астанада дәрігерлер пациенттің жүрегін ауыстырды

Елордада мереке күндері елдің әр түкпірінен келген екі адамның бүйрегі мен бір адамның жүрегі ауыстырылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары мен кардиохирургтары 26 жастағы азамат пен баланың бүйрегін және тағы бір адамның жүрегін ауыстырды.

Ер адам бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған. Оған Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер кадаверлік бүйректі ауыстыру операциясын сәтті жасады. Реципиент палатаға ауыстырылды. Қазір оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр. Екінші бүйрек балаға Ана мен бала орталығында ауыстырылды, – делінген хабарламада. Үшінші ағза - жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жасалған.

Соңғы жаңалықтар