$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Астанада бір қолға бес келіден артық картоп сатылмайтын болды

Редакция
24 қаңтар 2025 02:48 3870
Астанада бір қолға бес келіден артық картоп сатылмайтын болды Сурет авторы: Shutterstock

Астанада «Small» және «Spar» сауда желілерінде бір адамға 5 килограмнан артық картоп сатуға тыйым салынды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өнімді жаппай сатып алып, оны кейіннен жоғары бағамен қайта сатуды болдырмау мақсатында «Small» және «Spar» сауда желілерінде бір қолға картопты 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.

Қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, сауда орындарында және қала базарларында картоп жеткілікті мөлшерде бар және өнім тұрақты түрде толықтырылып отырады. Дефицит жоқ.

Бұл шаралар бағаның жасанды түрде өсуін болдырмауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар