$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Астанада белгісіз ер адам Министрліктер үйінде от қойды

Абдрахманов Мағжан
10 шілде 2025 14:47 95
Астанада белгісіз ер адам Министрліктер үйінде от қойды Сурет авторы: NUR.KZ/Владимир Третьяков

10 шілде күні таңертең Астанадағы Министрліктер үйінде белгісіз ер адам подъезге жанғыш сұйықтық лақтырып, өрт шықты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Автоматты өрт дабылы іске қосылып, оқиға орнына жедел құтқару қызметтері жетті. Барлау барысында белгісіз адамның ғимаратқа кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырғаны анықталды. Соның салдарынан екі шаршы метр аумақта өрт тұтанған», – делінген ресми мәлімдемеде.

Өрт сөндірушілер жалынды дереу өшірді. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 24 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар