$ 493.85 € 571.78 ₽ 6.25

Астанада балабақша меңгерушісі мен оның орынбасары бюджеттен 13 млн теңге жымқырған

Редакция
03 қазан 2024, 05:05
Астанада балабақша меңгерушісі мен оның орынбасары бюджеттен 13 млн теңге жымқырған Сурет авторы: pixabay.com

Мемлекеттік балабақша меңгерушісі 13 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Оған шаруашылық істері жөніндегі орынбасары көмектескен.

Прокурор сотталушыларды мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Балабақшаның бұрынғы қызметкерлері кінәсін мойындап, келтірілген залалдың орнын толтырды. Сол үшін сот айыпталушыларға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар