$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Астанада автосалон директоры сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдап-соққан

Редакция
06 қазан 2026, 16:05
Астанада автосалон директоры сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдап-соққан Сурет авторы: zastavki.com

Автосалон директоры бір жыл ішінде клиенттермен Қытайдан көлік сатып алу және жеткізу бойынша брондау келісімшарттарын жасаған. Алайда сатып алушылардан алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Бұл жөнінде Бас прокуратура хабарлады.

Көліктерді жеткізу қызметтерін орындап жатқандай көрсету үшін ол жәбірленушілерге жалған банк аударымдары туралы құжаттарды ұсынған.

Сотталушының әрекетінен 6 адам зардап шегіп, келтірілген шығын көлемі 128 миллион теңгеден асты.

Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптар қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар