$ 497.56 € 586.92 ₽ 6.44

Астанада 8 наурызға орай кімдерге ақшалай төлем беріледі?

Редакция
27 ақпан 2026, 11:06
Астанада 8 наурызға орай кімдерге ақшалай төлем беріледі? Сурет авторы: dauletten.kz

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астананың бірқатар тұрғынына жергілікті бюджет есебінен біржолғы ақшалай төлем жасалады.

2026 жылы төлем мөлшері 2,5 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, яғни бір адамға 10 813 теңге беріледі. Қаражат алушылардың шоттарына автоматты түрде аударылады, қосымша өтініш беру талап етілмейді.

Қолдау көпбалалы аналарға, оның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне, сондай-ақ елордада тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған әйелдерге көрсетіледі. Алдын ала деректер бойынша, шамамен 36–37 мың адам қамтылады.

Қала әкімдігі алушылар тізімі мемлекеттік деректер базасы арқылы алдын ала жасақталғанын хабарлады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттілігі жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін наурыз айында қазақстандықтардың демалыс күндері әдеттегіден аз болатыны хабарланған еді. 2026 жылғы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша қысқа айлардың бірі болмақ. Алайда 2025 және 2027 жылдардағыдай бес күндік жұмыс аптасында 14 күн демалыс берілген рекордтық көрсеткіш қайталанбайды.

Соңғы жаңалықтар