$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Астанада 8 автобустың маршруты өзгерді

Редакция
12 мамыр 2024 05:35 2291
Астанада 8 автобустың маршруты өзгерді Сурет авторы: Photo: Vlast.kz

City Transportation Systems компаниясы Астанада тағы бірнеше бағыт ауысып, қоғамдық көлік айналып жүретінін хабарлады. 

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 18, 52, 54, 57, 121, 120, 24, 24Н бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп хабарлады компания.

Өзгерген маршрутты мына сілтемеден көруге болады.

Айта кетейік, жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қошқарбаев даңғылы бойымен Абылай хан даңғылына бара жатқан жолдағы «№ 1 қалалық аурухана» аялдамасына өтетін жол жабық. 

Сол себепті № 9, 11, 22, 22А, 28, 47, 48, 71 бағдарлары аталған аялдамада уақытша жолаушыларды отырғызып-түсірмейді.  

Соңғы жаңалықтар