$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Астанада 40-тан астам шырша бір мезетте жағылады

Редакция
18 желтоқсан 2025, 10:40
Астанада 40-тан астам шырша бір мезетте жағылады Сурет авторы: Pinterest

Астанада биылғы жаңа жылдық шаралар «Ертегі Fest» атты бірыңғай ертегілік стильде өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі. Қала жарық, иллюминация және мерекелік атмосфераға бөленеді.

19 желтоқсан күні сағат 18:00-де елорданың алты ауданында 40-тан астам жаңа жылдық шырша бір уақытта жағылады. Сағат 17:30-дан бастап негізгі алаңдарда концерттер мен ойын-сауық бағдарламалары басталады.

Қала тұрғындары мен қонақтарын мұз айдындары, сырғанақтар, фотозоналар, шағын сәулеттік нысандар, балаларға арналған интерактивтер күтеді. Кейбір локацияларда дрон-шоу мен салют ұйымдастырылады.

Ірі мерекелік алаңдар Нұра, Алматы, Есіл, Сарайшық, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасады. Негізгі шыршалар ЭКСПО аумағында, «Астана Арена» маңында, Ботаникалық бақта, «Қазақ Елі» монументі алаңында, орталық саябақтар мен тұрғын алаптарда орнатылады.

Қаланың әр ауданында мерекелік безендіру, жарық инсталляциялары мен қысқы демалыс аймақтары кезең-кезеңімен іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар