$ 461.39 € 534.75 ₽ 5.45

Астанада 22 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
18 тамыз 2026, 10:20
Астанада 22 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап қаза тапты Сурет авторы: ria.ru

Астанада көпқабатты тұрғын үйден құлаған 22 жастағы қыз қаза тапты. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады елордалық Полиция департаменті.

Оқиға орнынан түсірілген видео Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Жазба авторы Мереке Есімхановтың айтуынша, марқұм 22 жаста болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар