$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Астана тұрғыны әйелін пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кеткен

20 маусым 2025 15:49 11
Астана тұрғыны әйелін пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кеткен Сурет авторы: usolie.info

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде отбасылық жанжал салдарынан әйел адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға көпқабатты үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзі сол үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен.

«Аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар