$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Астана тұрғыны 5 млрд теңгенің мүлкін қайдан алғанын дәлелдей алмай, одан айырылып қалды

Редакция
30 сәуір 2025 06:59 2738
Астана тұрғыны 5 млрд теңгенің мүлкін қайдан алғанын дәлелдей алмай, одан айырылып қалды Сурет авторы: istockphoto

Астана тұрғыны заңсыз жолмен иеленді деп танылған 5 млрд теңгеден астам қаражаты мен мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров хабарлады.

«Қайтарылған активтер қатарында ірі көлемдегі қолма-қол ақша, зергерлік бұйымдар мен қымбат заттар бар. Тергеу барысында активтердің заңды табыс көзіне сай келмейтіні анықталды. Олардың заңды түрде сатып алынғанына күмән туды», – деді ол.

Бұл шешімді Астананың азаматтық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдаған. Активтерді қайтару Қаржы министрлігі жанындағы активтерді қайтару комитетімен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде мүмкін болды.

Соңғы жаңалықтар