$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту: Әуежайдағы LRT станциясына шектеулер енгізілді

Редакция
28 тамыз 2026, 11:26
Астана тұрғындары мен қонақтарына ескерту: Әуежайдағы LRT станциясына шектеулер енгізілді Сурет авторы: пресс-служба City Transportation Systems

Астана әуежайына баратын жолаушылар үшін қозғалыс тәртібі сәл өзгереді. «Әуежай» LRT станциясының көше жағындағы бас кіреберісі уақытша бұғатталады. Астана әуе айлағының өкілдері бұл жайсыздықты «CTS» компаниясы жүргізіп жатқан құрылыс қарқынымен түсіндірді.

Бұл шектеу шамамен үш аптаға, дәлірек айтқанда 20-25 күнге созылмақ. Дегенмен сапарға шығатындарға әуреге түсудің қажеті жоқ: Т2 терминалынан ЛРТ станциясына өтетін жабық галерея бұрынғыша толық жұмыс істеп тұр. Әуежай әкімшілігі жолға шығатын тұрғындардан уақытты алдын ала есептеп, бағытты осы өзгеріске сай жоспарлауды сұрайды.

 

Соңғы жаңалықтар