$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Астана мен Израиль арасы жақындай түспек: Визасыз режим туралы келісім

Редакция
28 қаңтар 2026, 09:47
Астана мен Израиль арасы жақындай түспек: Визасыз режим туралы келісім Сурет авторы: GOV.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Астанаға ресми сапармен келген Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, тараптар екі ел арасындағы саяси консультациялардың 12-ші раундын өткізді. Кездесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы бейбітшілікті нығайту мен сенімді нығайтуға бағытталған бастамалар талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел үкіметтері арасындағы ұлттық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою ниеті туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қадам екі мемлекет арасындағы туристік байланыстарды дамытуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар