$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Астана мен Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

Редакция
08 қаңтар 2025 01:21 3903
Астана мен Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр Сурет авторы: Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы

Астана әуежайында Алматы, Атырау және Шымкент бағыттарына ұшатын 8 рейс кешіктірілді. Сонымен қатар Жезқазған, Атырау, Шымкент, Өскемен, Алматы және Мәскеуден келетін 12 рейс те уақытынан кешігіп жатыр.

Алматы әуежайында да күн нашарлағандықтан, рейстер кешігіп жатыр. Әуежайдың мәліметінше, 8 қаңтарда қар жауып, тұман басуына байланысты бірқатар рейс кейінге шегерілді. Қазіргі уақытта Шымкент, Ақтау, Атырау, Коломбо, Сочи және Мәскеуден келетін 8 рейс кешігіп жатыр.

Екі әуежай да рейстердің мәртебесін ресми сайттарынан тексеруге кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар