Астана күніне орай елордада «Таза сана – таза қала» экологиялық викторинасы ұйымдастырылды
Сурет авторы: Астана Тазалық
Астана күні мерекесіне орай және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елордада «Таза сана – таза қала» атты экологиялық викторина ұйымдастырылды. Шараны Астана қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен «Астана Тазалық» ЖШС өткізді, деп хабарлады ұйымдастыру комитеті.
Елорданың орталық алаңдарының бірінде арнайы интерактивті аймақ ашылып, қала тұрғындары мен қонақтары Астана тарихы, экология, абаттандыру, тазалық қағидалары және коммуналдық қызметтердің жұмысы туралы білімдерін сынады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға экологиялық тақырыптағы арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді. Эко-науқан барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қала тазалығын сақтайтын мамандардың еңбегін қадірлеу басты назарға алынды.
Ауқымды экологиялық акцияға жалпы есеппен 1000-нан астам адам қатысты. Іс-шара барысында белсенділік танытқан тұрғындарға 600-ден астам экологиялық сыйлық, соның ішінде «Таза сана – таза қала» ұраны бейнеленген брендтік футболкалар, кепкалар мен шопперлер үлестірілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында қатысушыларға 100-ден астам кітап сыйға тартылды. Олардың қатарында Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаев, Дулат Исабеков сияқты қазақ әдебиеті классиктерінің көрнекті шығармалары бар.
Шараның негізгі мақсаты – интерактивті формат арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және күн сайын қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген мамандардың еңбегінің құндылығын тұрғындарға жеткізу болып табылады.
«Біздің мақсатымыз – тек көңіл көтеретін іс-шара ұйымдастыру емес. Интерактивті формат арқылы тазалық әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салғымыз келеді. Коммуналдық қызметкерлердің еңбегін құрметтеу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және қарапайым тазалық қағидаларын сақтау – заманауи қаланың мәдениетін қалыптастыратын маңызды құндылықтар. Бұл мамандық иелері көбіне көзге көріне бермейді. Алайда дәл олардың күнделікті еңбегінің арқасында елорда тұрғындары таза көшелерді, саябақтарды және қоғамдық кеңістіктерді пайдаланып жүр», – деді акция ұйымдастырушысы Қымбат Бақыткелді.
Өз кезегінде қала тұрғындары да мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, экологиялық бастамаларға қолдау білдірді.
«Мұндай іс-шаралардың маңызы өте зор деп ойлаймын. Біз күн сайын таза көшелермен жүреміз, бірақ оның артында қаншама адамның еңбегі тұрғанын көп жағдайда ойлай бермейміз. Бүгін баламмен бірге викторинаға қатыса отырып, коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне мүлде басқа қырынан қарадым. Осындай бастамалар балаларға өзгенің еңбегін құрметтеуді және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйретеді», – деді акция қатысушысы Жазира Болатова.
Қарқынды дамып келе жатқан Астана мегаполисінің тазалығы — қала тұрғындарының саналы көзқарасы мен күн сайын тынымсыз еңбек етіп жүрген мыңдаған адамның маңдай терінің нәтижесі. Күні бойы өткен викторина тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ересектер мен балалардың басын қосты және таза қала әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатынын тағы бір мәрте паш етті.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда 885 отбасы жаңа пәтер кілтін алды: жыл соңына дейін 11 мыңнан астам азамат баспанамен қамтылады
23 сағат бұрын
-
Түркістан облысында екі жаңа мәдениет үйі ашылды
1 күн бұрын
-
Астана күніне орай елордада «Таза сана – таза қала» экологиялық викторинасы ұйымдастырылды
5 күн бұрын
-
Ақтөбеде Қорғаныс министрлігінің тұңғыш Дзюдо орталығы ашылды
5 күн бұрын
-
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін елде билік үшін күрес күшейді
5 күн бұрын
-
Түркістанда «Күй құдіреті» дүбірлі додасы басталды
6 күн бұрын
-
Қазақстанда 1 млн адамның табысы күнкөріс минимумына жетпейді
1 апта бұрын
-
Алматыда Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған қыз бір аптадан бері комада жатыр
1 апта бұрын
-
Алматыдағы ірі құрылыс: Метроның жаңа желісі үшін жер учаскелері қалай алынады және өтемақы қалай төленеді
1 апта бұрын
-
Қазақстанда жаңа мүмкіндік: Корея университеттеріне түсу оңайырақ болады
1 апта бұрын
-
Алматыдағы ЛРТ жобасы: Пойыздардың жылдамдығы қандай болады?
1 апта бұрын
-
Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің жерлеу рәсімі қашан өтеді және оған кімдер барады?
1 апта бұрын
-
Прокурор блогер Әділетхан Молдаханға тағылған айыпты ауырлатты
1 апта бұрын
-
Қазақстан Ресей азаматтарына жанармай құюға рұқсат берді, бірақ бір шарт бар
1 апта бұрын
-
Қазақстандағы интернет кеңістігіндегі ең қауіпті желілер анықталды
1 апта бұрын
-
Семей полигоны: радиацияның әр адамға әсері жаңа әдіспен анықталмақ
1 апта бұрын
-
Доллар бір аптада 10 теңгеге арзандады: бұған не себеп?
1 апта бұрын
-
«Еуропаға енді бармаспын»: ЕО-ға келушілерді есепке алудың жаңа жүйесі хаос тудыруда
1 апта бұрын
-
Шымкентте блогер кәсіпкерлер мен шенеуніктерден ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды
1 апта бұрын
-
Франциядағы төтенше жағдай: 3 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді
1 апта бұрын
-
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хантавирус індетінің аяқталғанын жариялады
1 апта бұрын
-
Журналистикадағы тұлғалар - шеберлік мектебі
1 апта бұрын
-
Үш облыстың тұрғындарына сел мен көшкін қаупі туралы ескерту жасалды
1 апта бұрын
-
Астанада Қазақ ұлттық спорт университетінің салтанатты ашылуы өтті
1 апта бұрын
-
Қамшыбек Ташиевке сот үкімі шықты
1 апта бұрын
-
Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты
1 апта бұрын
-
Қырғызстан Қазақстаннан бензин жеткізуді сұрады
1 апта бұрын
-
Қазақстан экономикасы мұнайға тәуелді емес: халықаралық сарапшылар инвестиция көлемі мен өнеркәсіптің өскенін атап өтті
1 апта бұрын
-
Ғалымдар өмірді 45%-ға ұзартудың құпиясын тапты
1 апта бұрын
-
Астанада LRT желісінде электр кабелі өртенді
1 апта бұрын
-
Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары анықталды
1 апта бұрын
-
Алматыда электрмопед мінген курьер жедел жәрдем көлігіне соқтығысып мерт болды
1 апта бұрын
-
Гемоглобин қалыпты болса да, неліктен үнемі шаршап жүреміз
1 апта бұрын
-
«Домбыра шариғатқа қайшы ма?»: ҚМДБ түсініктеме берді
1 апта бұрын
-
Енді ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға қарай белгіленеді
1 апта бұрын
-
Биыл көктемде 21 мыңнан астам азамат әскери қызметке аттанды
1 апта бұрын
-
Уимблдонның басты сенсациясы: 19 жасар қыздың көз жасы және чемпиондардың триумфы
1 апта бұрын
-
Қазақстан Ресейге 50 мың тонна бензин бере ме? Министрлік жауап берді
1 апта бұрын
-
Апат аймағынан хабар: 2200-ден астам адам қайтыс болып, 12 мың тұрғын баспанасыз қалды
1 апта бұрын
-
Қазақстанда жанармай бағасына бақылау күшейтіледі
1 апта бұрын
-
Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2 шілдеде басталады
1 апта бұрын
-
АҚШ пен Канадада неге 250 миллион адамға қауіп төніп тұр?
1 апта бұрын
-
Гаджеттерді шамадан тыс пайдалану ағзаның өзгеруіне әкелуі мүмкін
1 апта бұрын
-
Жаңа Конституция күшіне енді: табиғатты аялау тұңғыш рет әрбір қазақстандықтың міндетіне айналды
1 апта бұрын
-
Президент амнистия туралы заңға қол қойды: Миллионға жуық айыппұл кешіріледі
1 апта бұрын
-
Тоқаев Air Astana басшысына рейстердің кешігу мәселесін шешуді тапсырды
1 апта бұрын
-
Алматы тұрғындарына эвакуация туралы хабарлама келді: ТЖМ түсініктеме берді
1 апта бұрын
-
Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі гимнастика орталығы бой көтереді
1 апта бұрын
-
Қазақстан Құрылтайының алғашқы сайлауы 23 тамызда өтеді
1 апта бұрын
-
Қазақстан мектептерінде жаңа пәндер енгізіледі
1 апта бұрын