$ 465.74 € 537.23 ₽ 5.62

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Редакция
12 тамыз 2026, 09:39
«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі Сурет авторы: astanatv.kz

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылғы 12-20 тамыз аралығында аталған трассаның 1121-1186 шақырымдар аралығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлайды.

Жөндеу шаралары барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс сапасын арттыру мақсатында автокөліктер қозғалысы арнайы айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Сондықтан жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлау, уақытша қойылған жол белгілері талаптарын қатаң сақтау және қауіпсіздік ережелерін ұстану ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар