$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

"Астана" футбол клубы жекеменшікке өтеді

Абдрахманов Мағжан
30 желтоқсан 2025, 12:21
"Астана" футбол клубы жекеменшікке өтеді Сурет авторы: "Астана" футбол клубы

"Астана" футбол клубы жекеменшікке беріледі. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елордалық клубтың инвесторы бар, алайда барлық рәсім аяқталмағандықтан, әзірге оның аты-жөні жарияланбайды.

"Астана“ – өзіндік тарихы бар, белгілі бір жетістіктерге жеткен, халықаралық деңгейде танылған клуб. Осы уақытқа дейін ол Sport Qory бірыңғай операторы арқылы қаржыландырылып келді. Биыл клубты коммерцияландыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр, инвестор бар", – деді Ербол Мырзабосынов.

Сондай-ақ министр қазіргі таңда Қазақстанда бес футбол клубы жекеменшікке берілгенін атап өтті. Қалған жеті клуб бойынша да инвестор тарту жұмыстары жалғасып жатыр.

«Біз клубтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын инвесторларды іздеп жатырмыз», – деп толықтырды министр.

Соңғы жаңалықтар