$ 471.45 € 547.21 ₽ 6.63

Астана дәмханаларында ит еті сатылып жатыр ма: Ветеринарлық қызмет түсініктеме берді

Абдрахманов Мағжан
21 мамыр 2026, 14:22
Астана дәмханаларында ит еті сатылып жатыр ма: Ветеринарлық қызмет түсініктеме берді Сурет авторы: gov.kz

Астанада қоғамдық тамақтану орындарында ит еті қолданылып жатыр деген ақпарат расталмады. Бұл туралы Астана Ветсервис мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында елордадағы дәмханаларда ит еті пайдаланылып жатқаны туралы ақпарат тараған.

Ветеринарлық қызметтің хабарлауынша, бұл мәліметтер 2023 жылғы оқиғаларға байланысты болуы мүмкін. Ол кезде Ақмола облысында жануар тектес өнімдердің заңсыз айналымы анықталып, құқық қорғау органдары тексеру жүргізген. Нәтижесінде кінәлілер жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта Астанада мұндай өнімді жеткізу, сату немесе пайдалану фактілері ресми түрде тіркелмеген.

Мекеме өкілдері елордада жануар тектес өнімдерге тұрақты түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізілетінін атап өтті. Оның ішінде өнімнің құжаттары тексеріліп, жеткізушілер қадағаланады және тағам қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бақылауда болады.

Соңғы жаңалықтар