$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Астана-Челси ойынын қайдан көруге болады?

Редакция
10 желтоқсан 2024 01:28 1665
Астана-Челси ойынын қайдан көруге болады? Сурет авторы: Коллаж Offside

12 желтоқсан күні, бейсенбіде Алматыда футболдан Лига Конференциясының жалпы кезеңінің бесінші турында «Астана» ағылшындық «Челсиге» қарсы ойнайды. Матч Астана уақытымен сағат 20:20-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

«Астана» төрт турдан кейін 4 ұпай жинап, турнирлік кестеде 23-орынға жайғасты. Ал «Челси» барлық 12 ұпайды жинап, көш бастап тұр.

Группалық кезеңде «Астана» сербиялық «ТСЦ Бачка-Тополаны» (1:0) жеңіп, португалиялық «Виториямен» (1:1) тең ойнады, бірақ валийлік «Нью-Сейнтске» (0:2) және кипрлік «Пафосқа» (0:1) есе жіберді. «Челси» өз кезегінде «Гентті» (4:2), «Панатинаикосты» (4:1), «Ноаны» (8:0) және «Хайденхаймды» (2:0) жеңіп, жеңіс сериясын жалғастырды.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіне жалпы кезеңнің ең үздік 24 командасы шығады.

Соңғы жаңалықтар