$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Астана әуежайында үшінші жолаушылар терминалы салынады

Редакция
13 мамыр 2025 06:17 4103
Астана әуежайында үшінші жолаушылар терминалы салынады Сурет авторы: Астана Халықаралық әуежайы

Көлік министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Terminals Holding құрамына кіретін Terminals Astana Airport Limited компаниясы Астана әуежайы мен оның маңындағы аумақты кешенді дамытуға бағытталған ұзақмерзімді инвестициялық келісімге қол қойды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба аясында 1,1 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр.

«Инвестор екінші ұшу-қону жолағын, үшінші жолаушылар терминалын және жүк тасымалына арналған cargo-терминалды салады. Сондай-ақ индустриалды-логистикалық аймақ пен қонақүйлер, сауда орталықтары мен логистикалық хабтардан тұратын бизнес кластерді қамтитын аэротрополисті дамыту жоспарланған», – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған қоса, арнайы техника паркі жаңартылып, цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелері енгізіледі. Әуежай қызметкерлерінің біліктілігін кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар