$ 471.45 € 547.21 ₽ 6.63

Астана әуежайында шұғыл өзгеріс: Көлік қозғалысының жаңа кестесі жарияланды

Редакция
21 мамыр 2026, 11:37
Астана әуежайында шұғыл өзгеріс: Көлік қозғалысының жаңа кестесі жарияланды Сурет авторы: Ulysmedia.kz

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жол жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты көлік қозғалысының уақытша өзгеретінін хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылдың 21 мамырынан бастап әуежай аумағындағы вокзал маңы алаңы мен кіреберіс жолдардың асфальт жабынын жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, жөндеу жұмыстары кезеңінде жекелеген жол учаскелері уақытша жабылады.

Қоғамдық көлік пен такси бағыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін

Аумақтағы көлік қозғалысы сызбасының өзгеруімен қатар, қоғамдық көліктер мен такси бағыттарының қозғалыс кестесіне де түзетулер енгізілуі ықтимал.

Әуежай әкімшілігі жолаушылар мен елорда тұрғындарынан туындауы мүмкін кептелістер мен шектеулерді алдын ала ескеріп, әуежайға ертерек шығуды және жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Халықаралық әуежай басшылығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, азаматтарға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреді.

Соңғы жаңалықтар