$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Астана әуежайында әскери шеруге дайындыққа байланысты рейстер кестесі өзгеруі мүмкін

Редакция
12 наурыз 2025 09:48 3076
Астана әуежайында әскери шеруге дайындыққа байланысты рейстер кестесі өзгеруі мүмкін Сурет авторы: ҚР әуе қорғаныс күштері

Қорғаныс министрлігі Астанада Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындыққа байланысты әуе рейстерінің кестесінде өзгерістер болатынын және жол қозғалысына шектеу енгізілетінін мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 13 наурыздан бастап жеке құрам мен әскери техниканың теміржол арқылы және өз қозғалысымен тасымалдануы басталады. Осыған байланысты кейбір өңірлерде жол қозғалысында уақытша шектеулер енгізіледі.

"22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында әскери авиацияның жаттығу ұшуларына байланысты әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеу қойылады. Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін," – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомство тұрғындардан алдын ала әуе рейстерінің кестесін нақтылап, жол жүру бағыттарын жоспарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар